"Үстінен сотқа беру керек". Ринат Зайытов өзіне сын айтқандарға жауап берді

"Үстінен сотқа беру керек". Ринат Зайытов өзіне сын айтқандарға жауап берді
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал айтыскер, депутат Ринат Зайытов әлеуметтік желіде сын пікір айтқандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутат жариялаған видеода түрлі пікірді байқауға болады.

"Кімге сен керексің, Ринат? Жоғалшы! Түріңді көрсем тамақ іше алмаймын көпке дейін", "Ринат та сатқын", "Нең бар саясатта?", "Нағыз түлкі", "Ринат Зайытов үстінен Еговқа сотқа беру керек", "Сен де қудың ғой", "Ринат сен де өзгеріп бара жатсың, түрің айтып тұр", - дейді олар.

Депутат бұл сындарға өлеңмен жауап қайтарған.

"Ұға алмаса жан сырымды бұл ортам
Кімге өкпелеп, қай пендеге мін артам?
Шалбар киіп жүргеннен соң шірімей
Келе жатыр мойнымдағы қыл арқан..." - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ринат Заитов (@rinat_zaitov_resmi)

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде депутат Ринат Зайытовтың Мәжілістен кетуі талап етілген петиция жарияланғаны хабарланған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова