"Балаларымыз екі жақта жүре береді". Танымал әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасып кеткенін айтты

Танымал әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасып кеткенін айтты. Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ой, жеңге", "Қазақстан", "Ақ моншағым" хит әндерінің орындаушысы Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасып кеткеніне 4-5 жылдай уақыт болғанын жеткізді. 

 "Халықты алдамай-ақ қояйын. Ажырасып кеткенімізге 4-5 жыл болды. Енді үйде болмаймыз, әртіс адамға кім шыдайды? Ол кісі қазір өзімен өзі. Мүмкін менің де қателігім бар шығар. Қазір мен бойдақпын. Балаларымыз екі жақта жүре береді. Халық білсін, айту керек", - дейді Серікбол Сайлаубек. 

Бағдарлама барысында әнші балалары жайлы айтты. 

"Шыны керек, уақыт жоқ. Анасы, апасы тәрбиелеп жатыр. Шыны керек, мен үйде пәтер жалдаушы сияқтымын. Бір-екі күн боламын, қайта кетемін. Қазақ елі кең, үлкен. Тойға шақырады. Енді не істейміз? Бала-шағаны асырау керек. Қолдан басқа не келеді? Маңдайымызға жазылғаны осы енді", - дейді Серікбол Сайлаубек.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!