Психосоматика: аллергияның пайда болу себебі

Аллергиямен көптеген адам қиналады. Аллергия психосоматикасы жайлы не білу керек және одан қалай арылуға болады?

Аллергия – иммунитеттің қауіпсіз заттарға ерекше реакциясы. Бұл кезде дене аллергенді жау ретінде қабылдап, бірден одан қорғануды бастайды: олардан арылу үшін иммуноглобулиндер бөледі. Олармен бірге гистамин мөлшері де артады. Бұл аллергияның барлық жағымсыз белгілерін тудыратын гормон.

Ересектердегі аллерия психосоматикасы

"Бәрі солай өмір сүреді"

Кей адамдардан "бәрі солай өмір сүріп жатыр" дегенді естіген боларсыз. Әдетте, мұндай сөзді өз өміріне қанағаттанбайтын, бірақ оны өзгерту үшін ештеңе істемейтін адамдар айтады. Ол өзін басқалардың да жағдайы онша емес деп жұбатады. Оның ішінде көптеген тыйымдар болуы мүмкін. Ол өзінің бақытты болуы үшін кей нәрселерді жасауға өз-өзіне рұқсат бермейді. Сондықтан физиологиялық деңгейде аллергиямен қиналады.

"Маған жоламаңдар"

Тері мен шырышты – бұл ішкі және сыртқы әлемнің арасындағы шекара. Егер әлеммен келіспеушілігіңіз болса, ол сізді қорқытса, сіздің аллергик болуыңыз мүмкін. Психика денеге бөртпе шығару немесе ісіну арқылы қорғанады. Сіз "маған жоламаңдар" деп ауызша емес, денеңізбен "айқайлап" тұрғандайсыз.

Аллергия барлық адамда пайда болмайды. Ол әдетте сезімтал, тұйық, проблемаларға қатты әсер беретін, жағымсыз жағдайды ұзаққа дейін қабылдай алмайтын адамдарда пайда болады. Қабылдаған жағдайдың өзінде оны ішке қамап, жағымсыз эмоцияларын сыртқа шығармайды.

"Мен олар сияқты емеспін"

Өзін-өзі жақсы көрмеу, кінә және ұят сезімі, өзін-өзі төмен бағалау аллергияға әкеледі. Терімен байланысты кез келген проблема адамның өз-өзінен ұялатынын көрсетеді. Ол басқалардың ол жайлы не ойлайтынына үлкен мән береді.

Не істеу керек?

Өзіңізге мына сұрақтарды қойып, оларға шын жауап беріңіз: Неден қорқасыз? Қандай жағдайлардан аулақ жүруге тырысасыз? Сізді қандай өзгерістер қорқытады? Қандай әрекетке бара алмай жүрсіз? Сізге өмір сүруге не кедергі келтіретінін түсіну маңызды. Бұл жағдайда психологпен жұмыс жасаған жөн.

Психосоматика: бетіңіздегі безеу қандай уайымыңыз бар екенінен хабар береді