"Той күте тұрады". Қалыңдық баланы құтқару үшін өміріндегі маңызды рәсімді тоқтатқан

Қытайда қалыңдық келген қонақтардың бірі ауырып қалғанын көріп, тойын тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Newsflare басылымына сілтеме жасап.

Желіде тараған видео 3 қазанда Шаньси провинциясының Люлян қаласында түсірілген. Іс-шара басталар алдында күйеу жігіттің інісі қонақтардың бірінің кішкентай қызының қызуы көтеріліп, ауырып жатқанын хабарлаған.

Видеоға алынған кадр

Қалыңдық рәсімді тоқтатып, қызды құтқаруға асыққан. Өйткені ол медбике болып оқыған, сонымен қатар, педиатрия бөлімінде жұмыс істеген. Қалыңдық ауырып жатқан балаға алғашқы көмек көрсетіп, дәрігерлер келгенге дейін дымқыл сүлгімен қызуын түсірген. Қалыңдықтың сөзінше, адамдарды құтқару - батырлық емес, дәрігер ретіндегі міндеті.

"Той күте тұрады. Баланың өмірі мен денсаулығы маңыздырақ", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз