"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі қайтадан кинотеатрларға прокатқа шығатын болды

"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі қайтадан кинотеатрларға прокатқа шығатын болды. Бұл туралы осы жобалардың бас продюсері Айсәуле Әбілда айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, көрермен сұранысына байланысты фильм көрсетілімі тағы бір аптаға ұзарған.

"Сүйінші… Қуан, қазақ! Көрермен сұранысына байланысты "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімі тағы бір аптаға ұзартылды. Енді барып үлгеріңіздер", - деп жазды Айсәуле Әбілдә.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі өкілдері де бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі өткен жылы корпорацияның толықтай мемлекеттік тапсырыс негізінде түсірілген 6 сериялы телехикаядан дайындаған кинотуындысы. Яғни, фильм мемлекеттік қаражат есебінен түсірілді. Келісімшартқа сәйкес фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қаладағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта жүрді. Бұдан бұрын бір рет сұранысқа сәйкес көрсетілім 4 күнге ұзартылған еді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі Қазақстанда прокаттан алып тасталуына қатысты шығармашылық топ пікір білдіргені хабарланған еді. 

Халық сүйіп көрген жобалар қалай түсірілді?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!