Балды ыстық шай немесе сүтпен ішуге бола ма?

Балды ыстық шай немесе сүтпен ішуге бола ма?
Фото: pixabay.kz

Әлеуметтік желіде балды ыстық шай, сүтпен араластырып ішуге болмайды, ыстықта бал өзінің барлық қасиетін жоғалтып, тіпті денсаулыққа зиян болады деген пікір көбейген. Алайда сарапшылар бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, оның миф екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tea.ru сайтына сілтеме жасап. 

Үнді ғалымдарының соңғы зерттеуінен кейін бал қыздырылған кезде құрамында улы зат оксиметилфурфурол (ОМФ) синтезделетіні туралы ақпарат пайда болды. Бірақ балдың концентрациясы өте аз, сондықтан ол айтарлықтай зиян келтіре алмайды. Балға қарағанда тосап, кондитерлік өнім мен қара өрікте ОМФ көп. Қыздырылған балдың басқа "қауіпті" компоненті жоқ.

Бал ыстық шай немесе кез келген сусынға қосылса, пайдасын сақтайды. Өйткені оның негізгі құндылығы дәруменде емес, температура жоғарылағанда керісінше белсенділігін арттыратын микробқа қарсы заттары бары антиоксидант, фермент және ақуыз қосылған дефензиндерде болады.

Осылайша, сарапшылардың сөзінше, ыстық сусынға бал қосу дефензиндердің әсерін белсендіреді, ал ферменттер мен антиоксиданттардың ыдырап үлгермейді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тәтті газдалған сусындардың қандай зияны бар?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә