"Кішкентай бала сияқты мәз". Қорада тұрып, мал баққан қыздарға шымкенттік кәсіпкер бір сөмке киім сыйлады

"Кішкентай бала сияқты мәз". Қорада тұрып, мал баққан қыздарға шымкенттік кәсіпкер бір сөмке киім сыйлады
Фото: Руслан Өтепбайдың парақшасындағы видеодан алынған кадр

Қорада тұрып, мал баққан Құндыз бен Назгүлге шымкенттік жеке кәсіпкер бір сөмке киім сыйлады. Бұл туралы танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, көптің арқасында қыздардың өмірі жақсы жаққа өзгеріп жатыр.

"Құндыз бен Назгүлге Шымкенттік оқырманым өзінің дүкенінен бір сөмке киім-кешек салып жіберді! Қараңыздаршы, қыздар мәз. Барлық киім жараса кетті. Су жаңа киімді киіп алып, қыздар қыдыруға дайын! Аллаға шүкір, ардақты ағайын! Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында қос қыздың өмірі жақсы жаққа қарай өзгеруде. Болашақтары баянды болу үшін әлі де біраз жұмыстар атқарылады. Бастысы қыздардың бойындағы үміт пен сәуле сөнбесін дейміз…" - деп жазды журналист.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Желі қолданушылары қыздардың қуанышты бейнесін көріп, жылы лебіздерін жазған.

"Кішкентай ғана қайырымдылық адамда болса, қандай бақытты бөлісе алады, Алла болашақта қыздардың тағдырын нұрлы етсінші, қазіргі заманға қарап дүниеге қыз әкелуге қорқатын болдық қой", "Қуанышты күндері көп болсын", "Руслан мырза жарайсыз", "Құтты болсын сізге Алладан екі еселеп қайтсын", "Құтты болсын игіліктеріне кисін! Руслан мырса сізге Алла разы болсын! Жандарыым кішкентай бала сияқты мәз", - деп жазды олар.

Еске салайық, Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болғаны хабарланған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан.

Кейін 17 жылда адам танымастай өзгерген екі қыз туралы жаңа деректер айтылды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бойды қалай өсіруге болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова