Пәтеріңізде тарақандар қаптап кетсе, қалай құтылуға болады? Ғалым кеңесі

Пәтеріңізде тарақандар қаптап кетсе, қалай құтылуға болады? Ғалым кеңесі
Фото: Shutterstock/FOTODOM

Елімізде пәтерін тарақан жайлап, одан құтылудың жолын іздеген тұрғын аз емес. Сондықтан тарақандармен қалай күресуге болатынын мемлекеттік білім беру университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің жалпы биология және биоэкология кафедрасының доценті Антон Москаев айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mir24.tv-ге сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, пәтерде тарақандар көршілердің бірі үйіне дезинфекция жасағанда немесе тұрғындар демалысын үйден тыс жерде өткізгеннен кейін пайда болады.

Ол сондай-ақ бұл жәндіктер ішек инфекцияларының қоздырғыштарын тасымалдайтынын ескертті. Сонымен қатар, олардың нәжісі мен терілері адамға теріс әсер етіп, ринит, бронх демікпесі және дерматит секілді аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.

Доцент ең алдымен тарақандарды суға қолжетімділіктен айыруды ұсынды. Мысалы еденнен барлық шүберек пен кілемді алып, ылғалды азайту үшін терезені ашып бөлмені үнемі желдетіп отыруға болады. Сондай-ақ, тамаққа ерекше назар аудару керек, тамақтың қалдығы мен үгіндісін қалдырмай, толығымен тазалап, таза қоқыс жәшігіне салып отырған жөн. Әрі қарай, тарақандардың көбею ошағына назар аударуған дұрыс, мысалы пәтерде үнемі кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу: жарықтарды бітеу, әсіресе плиткалары бар қабырғадағы. Сарапшы қабырға мен төбені сәндік қаптамамен жабуға кеңес бермейді.

Тарақандардан құтылғаннан кейін, олардың қайта көбеюінің алдын алу керек. Доцент картон ыдыстарды, желдеткіш не басқа техникаларды сатып алар алдын жақсфлап тексеруді ұсынды. Тұрғын үйді тарақандардан өңдеудің барлық әрекеті жәндік жиналған үй-жайларды бір немесе одан көп күн өңдеген кезде ғана нәтиже береді. Көршілермен келісім бойынша айына бір-екі рет санитарлық күн өткізу өте пайдалы тәжірибе болуы мүмкін.

Биолог сонымен қатар дүкеннен сатып алынған тарақандарға қарсы өнімдер дұрыс сақталмағандықтан, нәтиже бермеуі мүмкін екенін айтты.

"Сондықтан мен бере алатын ең жақсы кеңес - тарақанға қарсы құралдарды өндірушіден тікелей сатып алу", - деді ғалым.

Тағы да оқи отырыңыздар: Теріскен неге шығады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә