"Жасы үлкен біреуге шыққан, көрсетуге ұялады екен". Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өміріне қатысты әңгімеге нүкте қойды

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өміріне қатысты әңгімелерге нүкте қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі ел арасында қаңқу сөз таратқандарға арнап, жұбайының суретін жариялаған.

"Махаббат еркіндікте болу керек, ғашық болу сезімі - ешкімнен қысылмай еркелеп жүру. Жүрегім махаббатқа толы шүкір, бір-ақ жанға ғашықпын, ол күннен күнге күшейіп барады, шүкір. Жұлдызайдың күйеуі жоқ, жасы үлкен біреуге шыққан, содан көрсетуге ұялады екен деп сыртымнан өсек айтып жүргендер үшін", - деп жазды актриса.

Еске салайық, бұған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева 8 жыл отасқан күйеуімен ажырасқанын айтқан еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Мұнай қашан таусылуы мүмкін?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз