"2 жылда Алматыдан жер алып, үй салдым". Кореяда жұмыс істейтін қазақ қызы табысы туралы айтты

"2 жылда Алматыдан жер алып, үй салдым". Кореяда жұмыс істейтін қазақ қызы табысы туралы айтты
Фото: фото: instagram/dmika13

Кореяда 5 жылдан бері жұмыс істеп жатқан отандасымыз 2 жылда Алматыдан жер алып, үй салғанын айтты. Ол өзінің жеткен жетістігі туралы "Бағдар" YouTube арнасына берген сұхбатында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.  

Меруерт алғашында бұл елде бір жылдай ғана боламын деп ойлаған.

"Барлығы Кореяға жұмысқа келсем 1-2 жылда табыс тауып, үйімді салып, машинамды аламын деп ойлайды. Осы ойдың жетегінде Кореяға жұмыс істеуге барады. Мен де алғашында 1 жылға барып келемін деп ойлағанмын. Ал қазір 5 жылдың қалай өткенін де байқамай қалдым. Біз отбасымызбен Қазақстанда пәтер жалдап тұрдық. Табысымыз төмен болған соң үй алу қолымыздан келмеді. Ал Кореяға келіп жұмыс істеп, 2 жылда жер алып, үй көтердік. Бұл мемлекеттің табысы жақсы. Жалақымның көп бөлігін үйге жіберіп, тек өзіме керегін алып қаламын", - дейді Меруерт. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????????? ????????? (@dmika13)

Сондай-ақ, Меруерт жетістікке жету адамның ниеті мен ұқыптылығында екенін жеткізді. Ақшасын оңды-солды шашып жүрген адам 5 жыл жұмыс істесе де жетістікке жете алмауы мүмкін екенін жасырмады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов