"Қазақтың қарапайым қызы". Желіде әнші Yenlik-тің тұрмысқа шығып жатқан видеосы тарады

Желіде жастар арасында Yenlik деген лақап атпен танымал Еңлік Құрарбектің тұрмысқа шығып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

@jangali0212 . #yenlik #uzatutoi ♬ оригинальный звук - Jangali

Әлеуметтік желі қолданушылары әншіге тілектерін жаудырды:

"Қазақтың қарапайым қызы? Еңлікті көрсем сондай жылулық сезіледі! Бағын ашылсын!", "Бақытты болсын", "Шаңырақтары биік болсын", - деп жазды олар.

Сондай-ақ режиссер Қуанышбек Бейсеков өзінің инстаграм желісінде стористе "Yenlik-тің тойында жүрміз" деп видео салды.

Әнші Таңатар есімді фотограф-операторға тұрмысқа шығып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз