Адам күн сайын құрма жесе не болады?

Күзде көптеген адам үшін сүйікті жидек - құрма. Бұл жидек дүкен сөрелерінде тек белгілі бір маусымда, яғни қыркүйектен желтоқсанға дейін тұрады., - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, жаңа піскен құрманы жиі тұтыну әжімнің ерте пайда болуынан, жасқа байланысты дақтардан, Альцгеймер ауруынан, созылмалы шаршау мен көру қабілетінің нашарлауының алдын алып, жүрек ауруының қаупін азайтады.

Құрманың пайдасы

Жүрек ауруларының алдын алу. Құрма құрамындағы танин және өт қышқылдары қан қысымын және зиян әсер беретін холестерин деңгейін төмендетеді. Холестерин деңгейін төмендетуге талшық та көмектеседі. Калий мен магний қан қысымды қалыпқа келтіруге көмектеседі. Нәтижесінде тамырлардың икемділігі артады.

Еркін радикалдардан қорғау. Құрма құрамында антиоксиданттың мөлшері көп. Олар, яғни бета-каротин, лютеин, ликопен, кверцетин, кемпферол жасушаларды бос радикалдардан қорғап, иммунитетті арттырады және зат алмасуға қатысады.

Сонымен қатар, антиоксидант ерте қартаюдан қорғап, тері, шаш және тырнақтың жағдайын жақсартады. Ал бета-каротин көру органдары үшін де маңызды.

Йод тапшылығының алдын алу. Бұл микроэлемент балдыр мен теңіз өнімдерінде ғана емес, сонымен қатар құрмада да кездеседі. Йод жетіспеушілігі қалқанша безінің ауруларына әкелуі мүмкін.

Зат алмасу жұмысын қалыпқа келтіреді. Құрманың құрамында В5 дәрумені бар. Жалпы В дәрумендері ағзадағы көмірсудың, аминқышқылдың және майлардың өзара байланысуы үшін қажет.

Құрамында қышқылдың концентрациясы төмен болғандықтан, құрма асқазан-ішек жолдарының ойық жара, бауыр және бүйрек ауруларына жақсы әсер етеді. Сондай-ақ, құрма құрамында әрбір адамның әс мізрінде болуы керек диеталық талшық бар.

Тағы құрма құрамында кальций, фосфор, темір және дұрыс тамақтанудың маңызды құрамдас бөлігі С дәрумені бар.

Құрманың зияны

Мамандардың мәліметінше, құрманы тұтынудан өнімге жеке төзбеушілігі бар, панкреатиттің өткір түрі, қант диабеті және семіздікпен мәселесімен күресетінадамдар бас тарту керек. Дәлірек айтқанда, құрманы көп мөлшерде тұтыну денсаулықтың әртүрлі мәселелерін тудыруы мүмкін.

Ішек мәселелері. Жидектің құрамындағы талшықтың артық мөлшері ас қорыту жүйесінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Піспеген жемістерде арнайы диеталық талшықтар бар. Асқазанда олар сіңірілмейтін кесекке айналып, ас қорыту жүйесінің жұмысын тежейді.

Асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларының өршуі кезінде құрма жемеген абзал.

Бүйрек мәселелері. Құрма диуретикалық әсерге ие. Оған қоса құрамында танин бар, ол бүйректің жұмысын бұзып, тас түзілуін тудыруы мүмкін.

Қант деңгейінің жоғарылауы. Құрма құрамында фруктоза өте көп. Сондықтан қант диабетімен ауыратын адамдар құрманың аз мөлшерін жесе де, құрма ағзадағы қант деңгейін күрт арттыруы мүмкін.

Еске салайық, диетолог жоғары қан қысымын төмендетуге көмектесетін арзан көкөністі атаған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Адам неге қорылдайды?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!