"Марқұм әке-шешесі риза болып аунап түскен шығар". Қорада тұрып, мал баққан қыздар үздіксіз емделіп жатыр

"Марқұм әке-шешесі риза болып аунап түскен шығар". Қорада тұрып, мал баққан қыздар үздіксіз емделіп жатыр
Фото: Руслан Өтепбайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қорада тұрып, адамтанымастай күйге түскен Құндыз бен Назгүл сауықтыру шараларын қабылдап жатыр. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, қыздар үздіксіз емделіп жатыр.

"Құндыз бен Назгүлді уайымдап, тілеуін тілеп жатқан оқырмандар саны өте көп. Аз-аздан, үздіксіз ем-дом шаралары қарқынды түрде жүріп жатыр. Мақсатымыз апалы-сіңлінің денсаулығын қалыпқа келтіру. Өткен сұмдықтардан бойлары мен ойларын тасалап, болашағын баянды ету. Қыздардың аяқ алысы жаман емес, мамандардың айтқан сөзін қағып алып, тапсырмаларды дереу орындайды. Бастысы Құндыз бен Назгүлге қазіргі шақтары өте қызық. Оны бал-бұл жанған түрлерінен де байқауға болады. "Көп тілегі көл" демекші қос қарындасымыз үшін дұғада болайықшы…" - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Желі қолданушылары қос қыздың қуанышын көріп, жылы лебіздерін жазған:

Күлгендері әдемі, қуаныштымын қыздар үшін.

Әдемі өзгеріп келе жатыр жүздері.

Жүздеріндегі күлкілері мәңгі болсын, Алланың көзі түзу болсын, әрбір жан бақытқа лайықты!

Қазағымның барлық қаракөз қыздарына баянды ғұмыр берсін Алла. Дұғадамыз.

Руслан мырзаға және осы қыздардың өмірінің жақсы жаққа өзгеруіне үлес қосқан сыныптас қыздарға, сыныптас жігітке, тағы басқа да көмек беріп жатқан жандарға алла разы болсын. Шын жүректен үлкен алғыс.

Марқұм әке-шешесі риза болып аунап түскен шығар.

Әп-әдемі қыздар екен, жандарым, ұяң болып қалған әбден.

Еске салайық, Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болғаны хабарланған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан.

Кейін 17 жылда адам танымастай өзгерген екі қыз туралы жаңа деректер айтылды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бойды қалай өсіруге болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова