Садақа берудің 10 пайдасы

Садақа берудің 10 пайдасы
Фото: pixabay.com

Садақа – қайырымдылық істердің бастауы. Садақа берудің  адам үшін пайдасы мен сауабы мол. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. ҚМДБ ресми сайтындағы ақпараттарға сүйене отырып, Massaget.kz садақа берудің 10 пайдасын ұсынады.

Жасалатын жақсы ісіңіз садақа болуы үшін ол діни тұрғыдан үш ерекшелікке ие болуы керек:

  • Мұқтаж жанға беру;
  • Алла разылығы үшін берілуі;
  • Берілген садақа өз мүлкінен, адал табысынан болуы тиіс.

Садақа берудің осы дүниедегі 5 пайдасы:

  1. Мал-дүниені тазартады;
  2. Күнәларды өшіреді;
  3. Ауру мен апаттан сақтайды;
  4. Мұқтаж жанды қуантады;
  5. Ризықты арттырып, табысқа берекесін береді.

Садақаның ақыреттегі 5 пайдасы:

  1. Қияметтің үрейінен сақтап, көлеңке болады;
  2. Тозақтан құтқарады;
  3. Таразыда сауабы басым болады;
  4. Сырат көпірінен өтуі оңай болмақ;
  5. Дүниесінің есебін беруде жеңіл болмақ.

Қара бетперде таққан жігіт қарындасының еміне ақша жинаған 13 жастағы баланың отбасына пәтер сыйлады

А. Жапатова