Күнде турникке 20 рет тартылса не болады?

Тартылу – дененің жоғарғы бөлігін дамытуға және арқа, кеуде, иық, бицепсті қатайтуға арналған тиімді жаттығулардың бірі. Турникке күнде 20 рет тартылсаңыз не болады? Мұндай жаттығуды жүйелі түрде жасау денеңізге қандай әсер береді?

Бұлшықет күші артады

Күнделікті тартылу дененің жоғарғы бөлігіндегі бұлшықеттерді дамытады, ал ол бицепс, арқа және иық күшінің артуына әкеледі. Бұл күнделікті өмірдегі заттарды көтеру және тасу қабілетіңізді жақсартады.

Төзімді бола түсесіз

Күнде тартылу дененің жоғарғы бөлігі бұлшықеттерінің төзімділігін арттыруға көмектеседі. Сіз шаршамай көбірек тартыла бастайсыз.

Бұлшықет бедерлілігі қалыптасады

Күнде тартылу бұлшықет бедерлілігін қалыптастырады. Ол дене пішініңізді сымбатты әрі әдемі етеді.

Арқа қатаяды

Бұл жаттығу арқа бұлшықеттерінің қатаюына және дене мүсінінің жақсаруына пайдалы. Жүйелі түрде турникке тартылу арқа ауыруын азайтады.

Жалпы физикалық белсенділігіңіз артады

Егер турникке тартылу күнделікті әдетіңізге айналса, бұл жалпы физикалық белсенділігіңіздің артуына ықпал етеді. Денсаулықты сақтау үшін физикалық белсенділіктің болуы  маңызды.

Турникке тартылуды жаңадан бастаушыларға арналған кеңестер

Техниканы дұрыс орындаңыз. Дұрыс тартылмау зақым алуға әкелуі мүмкін. Сондықтан алдымен жаттықтырушы кеңесін алған жөн.

Аздан бастаңыз. Бастапқыда аптасына 2-3 рет тартылу жеткілікті. Себебі бұлшықеттердің бейімделуіне және қалыпқа келуіне уақыт қажет.

Түрлі жаттығуларды қарастырыңыз. Егер турникке күнде тартылғыңыз келсе, жаттығу бағдарламаңызға дененің жоғарғы бөлігіне арналған әртүрлі жаттығуларды қосыңыз. Күнде тек бір техниканы қайталай берсеңіз, бұлшықеттерге күш түсіп, зақым алу қаупі бар.

Бұлшықеттердің қалыпқа келуіне мүмкіндік беріңіз. Жаттығулар арасында бұлшықетттер демалу керек. Сондықтан массаж, созылу және жақсы ұйқы жайлы ұмытпаңыз.

Денеңізді тыңдаңыз. Күнде жаттығу жасау кезінде өз денеңізді тыңдаңыз. Егер өзіңізді шаршаңқы, әлсіз сезініп тұрсаңыз, үзіліс жасап, бұлшықеттердің қалыпқа келуіне уақыт беріңіз.

Оқи отырыңыз: Арқаны аяқпен бастыруға бола ма?