"Балалардың қызығын көріңдер". Ләйлә Сұлтанқызы қызын ұзатты

Тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында құдағи болғанын жариялады. Айтуынша, журналист "Жар-жар" фильмінде осы образды сомдайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туындыда тележүргізуші кино саласында алғаш рет бағын сынап жатыр. 

"Марғұлан құда мен Лейло құдағидан сәлем. "Жар-жар" фильмі талғаммен, талпыныспен, еңбекпен жасалып жатқан жоба. Оның үстіне менде дебют. Менен әжептеәуір актриса шығады екен" деп жазды Ләйла Сұлтанқызы.

Актер Қайрат Әділгерей де "Біз үшін бүгін маңызды күн. Қызымызды ұзатамыз" деп жазды. Кинотуынды желісі бойынша өнер иесі құда мен құдағи рөлдерін сомдайды.

Еске салайық, бұған дейін танымал блогер Ырысбала Икрамбай екі балалы әкеге Алматыдан пәтер сыйлағаны туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Адам ұйқысыз қанша күн жүре алады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз