"Ұялмаған биші болады". Тойда лезгинка билеген 2 жастағы бала жұртты сүйсінтті

Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде тойда лезгинка билеген кішкентай баланың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, балақай - Өскемен тұрғыны. 

"Өскемендік кішкентай биші. Аты - Әміре, бар болғаны 2,5 жаста. Биін айтсаңызшы", - деп жазды Сәуле Бикитеева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сауле Бикитеева (@saulebikiteeva)

Желі қолданушылары балақайдың әрекетіне тәнті болған:

Таң атпай көңіл күйді көтерді, ұялмаған биші болады;

Пысық екен, биі де жарасымды.

Балапан көз тимесін!

Керемет биледі, көпшілікте билегенінің өзі ерлік осы жаста.

Құдай, биші болған тұрінен сол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова