"Әдемі деуге келмейді, сөз жоқ". Танымал блогер Ырысбала Икрамбай екі балалы әкеге Алматыдан пәтер сыйлады

"Әдемі деуге келмейді, сөз жоқ". Танымал блогер Ырысбала Икрамбай екі балалы әкеге Алматыдан пәтер сыйлады
Фото: әлеуметтік желі

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай екі балалы әкеге Алматыдан пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл - блогер сыйлап жатқан 83-баспана.

"2 балалы Жетпіс әкемізге Алматыдан 70 квадрат метр үш бөлмелі пәтер алдық сіздердің арқаларыңызда, халықтың, көптің арқасында. Жөндеу жұмысын жасадық, ішіне дүние мүлкінің барлығын бесінші айналымның қаражатынан алынды. Ырысты армиям 83-баспана құтты болсын! Пікірлеріңіз мен үшін маңызды жаза отырыңыздар, халықтың батасы дарыған берекелі баспана болсын! Ақ тілектеріңізді арнап, дұғаларыңызға қоса отырыңыз…" - деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогердің бұл игі ісіне ақ тілектерін жаудырған:

Рысбала, жарайсың, ер жүрек, кең пейілді қыз, 21 ғасырдың батыр қызы, аман бол, шаршама, тек жақсылыққа қызмет ете бер, қайтпас қайсар қыз!

Әр қазақ армандайтын үй болыпты, құтты баспана болсын!

Мен шынымен де сендей қыздың барына қатты қуанамын, барын жақынымен бөліскісі келмейтін заманда сен ерекшесің, сіңілім!

Дәл сен сияқты осылай жұмыс жасаған жан жоқ шығар. Керемет. Істеген жақсылығың Алладан қайтсын. Кең пейіліңе Алла үйіп-төгіп бере берсін!

Баспана құтты болсын! Ырысбала айналайын, 83-отбасының қолы жетпей отырған баспанаға әп сәтте жеткізіп бүкіл елдің алғысын алып отырсың! Халқыма рахмет! Қазағым жасай берсін!

Әдемі деуге келмейді. Сөз жоқ!

Еске салайық, бұған дейін блогер Ырысбала Икрамбай көпбалалы ананың арманын орындағаны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Анорексия мен булимия деген не?

"Жыламай көру мүмкін емес". Танымал блогер Ырысбала Икрамбай бес жетім балаға зәулім үй сыйлады

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова