"Қадіріңе жете алмадық". Марқұм Арман Қайназаровтың соңғы әні тарап жатыр

"Қадіріңе жете алмадық". Марқұм Арман Қайназаровтың соңғы әні тарап жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде марқұм Арман Қайназаровтың соңғы әні тарап жатыр. Оны танымал әнші Бағлан Әбдірайымов жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі марқұм кісі қолынан қаза тапқанын жазған.

"Арман Қайназаровтың соңғы әні екен:

Жаман ойлар мазалайды жанымды.

Жаным талай ойға еріп жаңылды.

Арылмаған азаптың дәмін таттым ұзақ тым,

Қайғысына көндім бір сәт тозақтың.

Жаман сезім бойлағандай бойымды.

Жүрегімді жаралады ой мұңды.

Бәрі болды өзімнен алыс кетіп жүзіңнен.

Бұл өмірге алаңдаған кезінен.

Қиналғанда тек өзіңді іздеймін, неге?

Айтшы маған Тәңірім, қандай менің өмірім.

Сенсіз өткен мағынасыз әр күнім.

Арам ойдан арылдым ба білмедім.

Бар білерім әке сөзін сермедім.

Шектім соның зардабын, жоғалғандай арманым.

Білмегендей бұл өмірдің жалғанын.

Жан дүнием сөздеріңе шөлдеген.

Рухым бірақ тірі әлі өлмеген.

Әке дейді дауыстап, алақаныңнан ұстап.

Өлі сезім, мәнсіз ойларды тастап.

Жаның жәннатта болсын! Кешіре гөр бізді. Қадіріңе жете алмадық. Кісі қолынан қаза тапты", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары оның бұл әні мұңға толы екенін жазған:

Сөздеріне саралап қарасаңыз, ішкі әлемі бөлек өнер иесі екені анық. Біздің қателігіміз - сыртқы келбетіне қарап баға беріп, ішкіш оның таңдаған жолы осы деп қазанды жаба салуымызда.

Шын таланттар өмірдің көлеңкесінде қалып кетеді екен, иманды болсын.

Мына өлеңді тыңдасақ ағамыз депрессияда жүрген ғой. Содан шыға алмай кетті. Иманды болсын!

Иманды болсын! Осындай таланты жігіт осындай болады деп кім ойлаған?! Өкінішті.

Еске салайық, бұған дейін композитор Арман Қайназаров қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл ақпаратты Massaget редакциясына журналист Тимур Нұғман растады.

"Ол 4 қыркүйекте Шаңырақ шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп қалған. Сол күні жансақтау бөліміне түсті. Кейін комаға түскен. 19 қыркүйекте ол қайтыс болды", - деген еді журналист. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Тырнақ неге сына береді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова