Қандай мінезді адамдар маскүнемдікке бейім келеді? Тексеріңіз!

Кей адамдар түрлі тәуелділіктерге бейім келеді. Дәрігер Брайен Глисонның айтуынша, арасында ішімдік ішу немесе лотерея ойнау тәуелділікке жатпайды. Тәуелді адам өзінің әуестігіне "жоқ" дей алмайды және уақытында тоқтай алмайды: ол денсаулығына, қарым-қатынасына, жұмысына жағымсыз әсер етіп жатса да, одан бас тарта алмайды. Тәуелділікке 100% әкелетін қандай да бір адамның мінезі жоқ. Алайда адамды тәуелділікке бейім ететін факторлар жиынтығы бар.

Брайен Глисон мынадай мінезді адамдар тәуелділіктерге бейім келетінін айтты:

  • Ол шытырман оқиғаларға тап болғанды және ерекше әсерлер алғанды жақсы көреді;
  • Оған назар жетіспейді;
  • Ол құпиялар мен өтірікке бейім;
  • Ол мойнына жауапкершілік алуға қиналады;
  • Оның өзін-өзі бақылауымен проблемасы бар;
  • Тәуекел әрекетке оңай беріледі;
  • Балалық шағында зақым алған;
  • Қолайсыз отбасылық шартта өскен (ата-анасының бірі тәуелділікпен қиналған);
  • Қызба;
  • Психикалық денсаулығында проблема бар, мысалы, мазасыздықпен немесе депрессиямен қиналады.

Кей тәуелділіктер жылдам дамиды да, адамда тәуелділік бар екенін жақындары бірден байқайды. Бірақ кей тәуелділіктер айлап, кейде жылдап дамуы мүмкін. Бұл жағдайда оның жақындары ұзақ уақытқа дейін ол жайлы білмеуі мүмкін. Сондай-ақ, әдетте тәуелді адамдар өзінде проблема бар екенін және бақылауын жоғалтқанын ең соңғы болып түсінеді.

Оқи отырыңыз: Бүгінде кең тараған 7 тәуелділік