"Көмегім дайын". Ұлықпан Жолдасов атышулы блогер Мұрат Әбділдәға іздеу жариялады

Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов атышулы блогер Мұрат Әбділдәні іздеп жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желіде әнші Ғаділбек Жанай жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші Ұлықпан Жолдасов Мұраттан көмегін аямайтынын жеткізген.

"Мұратжан, Мұрат көп қой. Мұраттардың ішіндегі Әбділдә. Мұрат Әбділдә, інім-ай, шықты деген сондай бір жақсы хабар естіп жатырмын. Шығып жатсаң, хабарлас, кел, Астанаға соқ. Әндеріңді шығарайық. Біраз ән жазып тастапсың. Интервьюіңді көрдім, соңғы интервьюің ұнады маған. Сондықтан көмегім дайын. Іздеп таба алмай жатсаң, Ғаділбек (бар - еск.)", - дейді Ұлықпан Жолдасов.

"Маған жаз, мен тауып беремін", - дейді Ғаділбек Жанай да.

@gadilbek_zhanay

ДАВАЙ БӘРІМІЗ МҰРАТ ӘБДІЛДАҒА ЖІБЕРЕЙІК ОСЫ ВИДЕОНЫ!

♬ оригинальный звук - Gadilbek

Желі қолданушылары қазақтың бір-бірін қолдағаны ең дұрыс іс екенін жазған:

Иә, бір-бірімізді қолдап жүрейік, ағайын. Ұлықпанға көп рахмет, ақылды жігіт қой.

Мұраттың бағы ашылайын деп тұр.

Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бəрі бос.

Міне азамат, Ұлықпан Жолдасқа алғыс.

Лұқпан аға, Алла разы болсын, сауапты іс істеп жатырсыз!

Айта кетейік, Мұрат Әбділдәнің Instagram-да 40 мыңнан аса және Tiktok-та 111 мыңнан аса оқырманы бар. Ол алғашында әлеуметтік желілердің жұлдызы болуды ойламаған. Блогер жай ғана ән айтып, түрлі видеолар түсіріп, жариялап жүрген, кейін оны халық тани бастады.

Сонымен қатар, ол Instagram-дағы даулы жазбалары мен әнінің салдарынан "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін" 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Еске салайық, бұған дейін атышулы блогер Мұрат Әбділда түрмедегі өмірін айтып, алғаш рет сұхбат бергені хабарланған еді.

Кейінірек оның мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екені айтылды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Блогерлер қанша ақша табады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз