Әйел балық жеп, аяқ-қолынан айырылған

40 жастағы Калифорния тұрғыны Лаура Барахас базардан сатып алған балықты жеп, аяқ-қолынан айырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі New York Post-қа сілтеме жасап.

Лаураның туыстары ол Сан-Хоседегі базардан тилапия балығын сатып алғанын айтқан. Үйге келіп, сол балықты пісіріп жеген, ал бірнеше күннен соң өзін нашар сезіне бастаған.

Әйелдің жағдайы бірден нашарлай түскен. Оның аяқ-қолы мен төменгі ерні қарайып, бүйрек жұмысы бұзылған.

"Ода сепсис (ағазаға жұқпалы аурудың тұтас жайылып кетуі) басталды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін оған дәрі-дәрмекті кома енгізді", - дейді әйелдің туыстары.

Тексеріс кезінде дәрігерлер әйел Vibrio Vulnificu бактерияларын жұқтырғанын анықтады. Олар ағзаға түскен кезде жылдам тарап, тері асты жасұнықты, қантамырларды, жүйкелерді және органдарды қаптайтын шырыштыларды өлтіреді. Әдетте, белгілер оны жұқтырғаннан кейін бір күннен соң пайда болады. Бұл аурудың ресми атауы – некрозды фасциит.

Vibrio vulnificus жиі су арқылы, денедегі жара арқылы, лас немесе дұрыс қайнатылмаған теңіз өнімдері арқылы жұғады, ал ағзаға түскен кезде бастапқыда тамақтан уланудың белгілерін береді: жүрек айну, құсу, іш өту.

Бұл жайлы білген Лаураның отбасы аурудың себебі базардан сатып алған балықта деп ойлайды. Олардың ойынша, балық сапасыз болды.

Лаураның туыстарының айтуынша, ол бір айдан аса уақыт ауруханада жатыр. Дәрігерлер ауруды тоқтату үшін оның қол-аяғын кесіп тастаған. Жақында Лаураны тағы бір ампутация күтіп тұр.

Баспаның хабарлауынша, жыл сайын әлемде Vibro Vulnificus бактериясын жұқтырудың шамамен 150-200 жағдайы кездеседі. Оны жұқтырған әр бесінші адам қайтыс болады.

Ағзаңызда ішек құрттары бар екенін қалай білуге болады?