"Кәрі түйе ойнақтаса жұт болады". Танымал журналист ашық образымен жұрттың сынына қалды

Танымал тележүргізуші ашық образда жұрттың сынына қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тележүргізуші, блогер Мақпал Қаратай өзінің instagram парақшасына ашық образда видео жүктеп, жазба жариялады. 

"Бұл видео 1-қазан күні Алматы қаласында өтетін “Квантовый скачок” атты тренингімнің дайындық барысы. Айтпақшы, мәтіндегі “жалаңаш” деген сөзді тура мағынасында түсініп, талағысы келетін хейттарларға айтарым, “құсықтарыңызды” төге беріңіздер. Сөздің қадірін ұғатын адам ғана менің жазғанымның төркінін түйсінеді",-деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогердің бұл қылығын сынның астына алып, пікір қалдырды. 

"Жас емес жараспайды іс әрекет. Біреуге нені дәлелдемек едіңіз. Жәй мотивация айтып жүргеніңіз жарасымды болар еді деп ойлаймын", "Әйел адам өзін өзі ұстай білу керек, қанша жерден өзгерсе де қазақ тәрбиесінде етек-жеңімізді жинап өскенбіз, оны өзгертіп қажет емес", "Кәрі түйе ойнақтаса жұт болады", "Көзде мұң, сырты бүтін іші қара түтін, жүзінде өтірік жасанды күлкі", "Ойбай, мына кісі қуып кеткенбе, не бәле", "Омырау мен санды жалтыратпай да әдемі шығуға болады ғой", - деп жазды олар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз