Ұйқыдан тұрғанда басыңыз ауыра ма? Себептері белгілі болды

Ұйқыдан тұрғанда басыңыз ауыра ма? Себептері белгілі болды
Фото: elements.envato.com

Көпшілік уақытында жатып, түнде 7-8 сағат ұйықтағанымен, таңертең басы ауыратынын айтады. Таңертеңгі бас ауруының көптеген себебі болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ға сілтеме жасап.

Сомнолог, профессор Роман Бузунов ұйқыдан оянғаннан кейінгі бас ауыруының 10 себебін атады:

  • Дұрыс таңдалмаған жастық пен матрас. Ол сіздің қалауыңызға сай келмеуі мүмкін.
  • Ауа кірмейтін бөлмеде ұйықтау. Ұйықтар алдында жатын бөлмені мұқият желдету немесе түнде терезені ашық қалдыру арқылы оны реттеуге болады.
  • Обструктивті ұйқы апноэ синдромы. Ұйқы кезінде тыныс алудың тоқтауы және соған байланысты гипоксия көбіне таңертеңгі бас ауруының себепшісі болады.
  • Ұйқының жетіспеушілігі. Дәрігерлер кем дегенде 7 сағат ұйықтауға кеңес береді, әсіресе, таңертең басыңыз ауырып тұрса, міндетті түрде уақытқа көңіл бөлу керек.
  • Артық ұйқы. Көп ұйықтау да зиян, бұл мигрень мен күйзелісті тудыруы мүмкін.
  • Мойын немесе мойын омыртқасы тамырларының патологиясы. Бұл ұйқы кезінде қан айналымының бұзылуына әкеп соғады.
  • Гипертония. Қан қысымының жоғарылауы күндіз де, түнде де, таңертең де болуы мүмкін. Таңертеңгі бас ауруы кезінде қан қысымын өлшеу керек.

Еске салайық, бұған дейін сарапшы артық ұйқының зиянын ескерткен еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова