Кәсіпкер танымал журналиске көлік мінгізді

Кәсіпкер танымал журналиске көлік мінгізді
Фото: видеодан алынған кадр

Талғат Сақан есімді кәсіпкер танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға ерекше сый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол журналиске көлік мінгізген. 

"Біздің компаниямыздың атауы Q4, яғни Қазақ үшін дегенді білдіреді. Біз қазақ үшін еңбек етіп қана қоймай, түрлі салада қазақ үшін қызмет етіп жүрген азаматтарымызды да қолдаймыз деген ниетті берік ұстанамыз. Медиа саласының майталманы Нұрсейіт бауырымызды қатты құрметтеймін. Мінезі тік, шыншыл, өткір мәселені нақты қозғайды, өзіне тән журналисттік қайсар мінезі бар. Қаншама адамға көмектесіп, септесіп, қайырымдылық шараларына мұрындық болып жүреді. Жақсылық жасасаң, өзіңе қайтып келеді. Берсең, аласың! Ақпарат палуаны аттан түспесін деп өзіне де темір тұлпар сыйлауды жөн көрдім. Бұл өзі жасап жүрген жақсылықтың Алаштан бір қайтарым деп білсін. Алда да Алаштың атқамінерлері бір-бірін қолдап жүрсін! Қазақтың әр саласында жүрген палуандар аттан түспесін! Бір бірін қолдай алатын, бір бірін қорғай алатын, бір бірін мақтап жүретін, бір бірін жақтап жүретін қазақтардың қатарын толықтырып жүре берейік!" - деп жазды кәсіпкер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Q4REKET - менторлық курс (@q4reket_)

Желі қолданушылары бұл қуанышқа ортақтасып, жылы лебіздерін жазған:

"Талғат мырза қол ашық жомарт жан қолыңдағы барын сыйлап жүретін жан. Сіздікіндей бізге кең жүрек берсін", "Керемет, қазақ елі, құтты болсын, Алла тағала ұзақ өмір берсін баршаларыңызға", "Ал құтты берекелі тұлпар болсын", "Охо, Нүрекең, қандай сыйлық болса да лайық азамат қой", "Нұреке құтты болсын астыңда тозсын", "Аға құтты болсын! Асар тауыңыз асқақ, ұшар белесіңіз биік болсын! Сіздердей ағаларымыз көп болып, сіздермен біз мақтанып жүре берейік!" - дейді олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова