Көбі біле бермейді: үйде жиі ауыстыру керек 8 қауіпті нәрсе

Күнелікті қолданылатын тұрмыстық заттарды соңғы рет қашан өзгерттіңіз? Көбі оларды ұзақ уақыт бойы ауыстырмай жүре беруі мүмкін. Бірақ дәрігерлер мұның бекер екенін айтады. Ескі заттар адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Пәтерімізде күнделікті қолданылатын жүздеген зат бар. Әдетте көпшілік пайдасы жоқ, сынған немесе тым нашар көрінген затты ғана лақтырады. Огайо штаты университетінің медицина ғылымдарының докторы Кара Вада денсаулыққа қатысты мәселелерге тап болмау үшін үйдегі кейбір нәрселерді уақтылы өзгерту керек екенін айтады.

Жастықтар

Жастықтар, соның ішінде кереует пен дивандардағы сәндік жастықтар уақыт өте келе өлі тері жасушаларын, бактерияларды жинайды. Бұл аллергия тудыруы немесе бөртпелер шығып кетуі етуі мүмкін. Сонымен қатар, жастықта шаңнан пайда болатын кенелер көбейеді. Жағымсыз салдардың алдын алу үшін оларды айына 1-2 рет дезинфекциялау қажет.

Матрастар

Жастықтар сияқты, матрастар да уақыт өте келе бактерия, шаң кенелерін жинайды. Олар сіздің денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін, әсіресе, теріңіз сезімтал болса, аллергия немесе демікпе болса, бұл қауіпті саналады.

Жағымсыз салдарды болдырмау үшін арнайы матрац жабындысын пайдалану керек. Оны жеті жыл сайын үнемі жуып, ауыстыру керек. 

Душқа арналған жуғыштар

Душқа арналған жуғыштар бактерия көбеюі үшін тамаша орта саналады. Көбіне олар ылғалды ортада болады. Мұндай гигиеналық заттардан теріде бөртпе, тітіркену пайда болады. 

Жабыспайтын табалар

Табаның төменгі қабаты жырылғанын байқасаңыз, онда табаны тастайтын уақыт келді дегенді білдіреді. Өйткені онда ағзаңызға енетін химиялық заттар болады.

Тамақ кесетін тақталар

Ескі тамақ кесетін тақталарда бактериялар көбейіп, ол көгеруі мүмкін. Ал оның салдарынан асқазан-ішек жолдарының проблемалары пайда болады немесе адам уланып қалуы мүмкін.

Ас үйге арналған ыдысжуғыштар

Ас үйге арналған ыдысжуғыштар, шүберектер сияқты, бактериялар жинауы мүмкін. Зерттеулерге сәйкес олардың құрамында микроорганизмдердің 362 түрі болуы мүмкін. Дәрігер Вада ас үй губкаларын екі апта сайын ауыстыруды ұсынады.

Пластикалық контейнерлер

Уақыт өте келе пластикалық контейнерлер сызылып, ластануы мүмкін. Кейбір жағдайларда мұндай жағдай бактериялардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Әдетте, пластикалық азық-түлік контейнерлерін әр алты ай сайын ауыстырып отыру керек.

Ауаны ылғалдандырғыш

Олар ұйқы кезінде ауаны ылғалдандырып тұруы үшін тиімді болуы мүмкін, бірақ көпшілік олардан зиян бактериялар көбеюі мүмкін екенін түсінбейді. Ылғалдатқыштың өзін емес, ондағы сүзгіні өзгерту керек. Мұны айына 1-2 рет жасау керек.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!