Нутрициолог бауыр, тіл секілді субөнімдердің адам ағзасына пайдасы жайлы айтты

Қазір бала түгіл ересектер де субөнімдерді жегісі келмейді. Алайда нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында мұндай өнімдердің адам ағзасына пайдасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нутрициолог Лаура Сейітбектің айтуынша, адам ағзасына мынадай субөнімдер пайдалы:

  • Бауыр - тағамдарда ең жиі қолданатын субөнім. Құрамы А дәруменіне бай. Сондай-ақ ол - В6 дәруменінің табиғи көзі. 
  • Жүрек - таза ақуыз көзі. Құрамындағы темір мен В12 дәрумені етке қарағанда көбірек. Жүректе май да аз болады.
  • Бүйректі өзге субөнімдермен салыстырғанда өзіне тән иісіне бола көп адам ұнатпайды. Сондықтан ол иістен құтылу үшін оны 4 сағатқа салқын суға салу керек. Содан кейін қайнатып, сорпасын төгіп тастайсыз. Бүйректің құрамында В тобындағы дәрумендердің барлығы және аминқышқылдар бар. 
  • Мидың құнарлығы жануар түріне қарай әртүрлі болады. Көбіне қанықпаған май қышқылы, дәрумендер мен органикалық фосфор қосындыларына назар аудару керек. Себебі фосфор - баланың ойлау қабілетін арттыруға қажет. Мида фосфордан бөлек жүрек жұмысын жақсартуға арналған магний мен калий бар. 
  • Тіл - баланың асқзаны тез қорытып, жақсы сіңіретін өнім. Бірақ оны алдымен жақсылап қайнатып, жұмсарту керек. 

Оқи отырыңыз: Құйрық майдың пайдасы бар ма?