Егер кешкі 22:00-де ұйықтамасаңыз...

Егер кешкі 22:00-де ұйықтамасаңыз...
Фото: pixabay.com

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында кешке ерте ұйықтамау қандай салдарларға әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, кешкі 22:00-де ұйықтамасаңыз және аз ұйықтасаңыз, ол мынадай салдарларға әкелуі мүмкін:

  • Иммунитет түседі;
  • Салмақты қалыпта ұстай алмайсыз;
  • Жұмыс істеу қабілеті төмендейді;
  • Күйзеліске шалдығасыз;
  • Ерте қартаясыз.

Неліктен 22:00-де ұйықтау керек?

"Ағзадағы жасушалардың жаңаруына жауапты мелатонин гормонының бөлінуі, ағзаның қалыпқа келуі, детокс жүріп, толық күш жинау процесі тек терең ұйқыға кеткенде және осы уақыттан бастап жүреді", - дейді Ұлжалғас Сманова.

Оқи отырыңыз: Таңғы сағат 5-те ояну өміріңізді қалай өзгертеді?

А. Жапатова