Айналаңызда сізді төменге тартатын адамдар бар ма? Тексеріп көріңіз

Айналаңызда сізді төменге тартатын адамдар бар ма? Тексеріп көріңіз
Фото: pixabay.com

Кейде айналамызда қандай да бір жағымсыздық сыйлайтын адамдар болады. Бәрінен де олардың жақын араласатын ортаңызда болғаны жаман. Психологтардың айтуынша, негативке толы адам өміріңізді құртады. Қандай белгілер сізді алаңдатуы керек?

Үнемі басқаларға көңілі толмайды

Кейде кез келген адам ішінен болсын басқа адамның әрекетін кінәраттайды, сынайды. Алайда шаманы білу маңызды. Егер досыңыз кез келген әңгімені таныстарын немесе айналасындағы адамдарды сынаудан бастаса, онымен абай болыңыз. Ол сіздің сыртыңыздан да басқаға солай әңгіме айтуы әбден мүмкін. Сондай-ақ бұл сіздің энергетикаңызға, көңіл күйіңізге жағымсыз әсер етеді.

Үнемі негатив ойлайды

Тіпті, ең қарапайым жағдайдың өзін токсик адам негативке айналдырып жібереді. Психологтар мазасыздық жұқпалы екенін айтады. Егер мұндай адаммен көп араласатын болсаңыз, сіздің де сондай адамға айналып кетуіңіз мүмкін. Айналаңызда өмірге позитив көзқараспен қарайтын, үнемі білім алу және даму жолындағы адамдармен араласуға тырысыңыз. Әрине, кез келген адамның өмірінде жағымсыз жағдайлар болады, оның басына қиындық түскен болуы мүмкін. Бірақ егер адам үнемі негатив көңіл күймен жүрсе және кез келген нәрсенің тек жаман жағын көрсе, онымен көп уақыт өткізбеген жөн.

Қуанышыңызға ортақтаспайды

Жақсы дос адамның қуанышында да, қайғысында да бірге болуға тырысады. Адам қайғырған кезде жақындарынан қолдау күтеді. Сол секілді адам қуанышында да жанынан жақындары табылғанын қалайды. Бірақ жақын деп ойлап жүрген досыңыз сіздің қуанышыңызда немесе жетістіктеріңізде қасыңызда болмаса, бұл жайлы ойланып көрген жөн. Әрине, қандай да бір жағдайлармен бір-екі рет сізге құттықтап келе алмауы мүмкін. Бірақ әркез солай істейтінін байқасаңыз, бұл оның сізді көре алмайтынын білдіруі мүмкін.

Өтірік айтатын адам қандай сөздерді жиі айтатыны анықталды

А. Жапатова