Күнде ащы тамақ жесеңіз не болады?

Күнде ащы тамақ жесеңіз не болады?
Фото: pixabay.com

Ащы тамақ ауызды күйдіретін дәмдеуіштерден және бұрыштардан тұрады. Кей адамдар тамағы ащы болмаса, оған ащы тұздықтар қосады. Үнемі ащы тамақ жеу ағзаға қалай әсер етеді?

Зат алмасу мен тәбет артады

Ащы тамақ зат алмасуды арттырып, тәбетті ынталандыруы мүмкін. Ащы бұрыштарда капсаицин бар, ол ағзадағы жылу бөлінуді арттырады. Ал ол өз кезегінде зат алмасудың артуына және калорияның жағылуына ықпал етеді.

Шырышты қабықшаларға жағымсыз әсер етеді

Үнемі ащы тамақ жеу асқазан мен ішектер шырышты қабықшаларына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ащы тамақ тітіркенуді және қабынуды тудырып, асқазанның ауыруына әкелуі мүмкін.

Асқазан ішек-жолына қауіп төндіреді

Ащы тамақ асқазан жарасы, гастрит немесе рефлюкс секілді созылмалы асқазан-ішек жолы аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Ащы тамақ олардың жағдайын ушықтырып жіберуі мүмкін.

Тәуелділік тудырады

Ащы тамақ та тәуелділік тудырады. Ащы тамақ құрамындағы капсаицин мен басқа да белсенді компоненттер оны көп жеуге себепші болуы мүмкін.

Бауырға қауіп төндіреді

Ащы тамақты көп жеу бауыр қызметіне және өт қышқылдарының алмасуына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бауырға үнемі әсер ету оның қызметін бұзып, бауыр ауруларының даму қаупін арттырады.

Ащы тамақты мөлшермен жеуге арналған кеңестер:

  • Ұйықтар алдында ащы тамақ жемеңіз. Ұйықтар алдында ащы тамақ жеу жағымсыздық тудырып, ұйқыны бұзуы мүмкін;
  • Ащы тамақтың дәміне сүйсініп, мөлшермен жеңіз, бастысы, артық жемеңіз;
  • Жаңа дәмеуіштер көріңіз. Дәмдеуіштердің әртүрлілігі ащы тамақтың түрлі аспектілерінен ләззат алуға мүмкіндік береді;
  • Ағза реакциясына мән беріңіз. Әр ащы тамақ жеген сайын ағзаңызды тыңдаңыз. Егер сізге жақпайтынын түсінсеңіз, оны көп жемеуге тырысыңыз;
  • Дәрігермен кеңесіңіз. Егер асқорыту немесе денсаулыққа қатысты басқа да проблемаңыз бар болса, ащы тамақ ағзаңызға қалай әсер ету мүмкін екені жайлы дәрігерден немесе диетологтан сұрап, ұсыныстар алыңыз.

Асқазан қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?

А. Жапатова