Ғалымдар бақытты адамдар да ғана болатын әдеттерді атады

Ғалымдар бақытты адамдар да ғана болатын әдеттерді атады
Фото: pixabay.com

Гарвард университетінің ғалымдары шамамен 85 жылға созылған үлкен зерттеудің нәтижелерімен бөлісті. Оның басты мақсаты – бақытты адамдар өмір бойы қандай өмір салтын сақтайтынын анықтау.

Зерттеу бірнеше жұмыстан тұрады: ол 1939-1944 жылдар аралығында Гарвардты аяқтаған 268 адамды зерттеген. Зерттеуге қатысушылар жүйелі түрде анкета толтырып, өз денсаулығы жайлы мәліметтер береді.

Өмірінің соңғы кезеңінде барлық қатысушыларды екі топқа бөледі: бақытты және бақытсыз адамдар. Ғалымдар қартайған шақта өзін бақытты әрі сау сезінетін  адамдардың 7 әдетін байқаған. Бұл жайлы СNВС жазды.

Зерттеу нәтижесі бойынша, мына күнделікті әдеттер бақытты және жақсы өмір сүруге әкеледі:

  1. Темекі тартпау;
  2. Ішімдікке салынбау;
  3. Салмақты қалыпта ұстау;
  4. Күнделікті жаттығу жасауға уақыт бөлу;
  5. Жаңа білімге ашық болу. "Өмір бойы білім мен жаңа тәжірибеге инвестиция жасаңыз", - дейді ғалымдар.
  6. Қиындықты шешудің адаптивті стилін ұстану. Бұл дегеніміз - жанжалдарды шешудің дұрыс әдістерін табу және қолдану.
  7. Тұрақты, ұзақмерзімді достық және махаббат қатынасын сақтау.

"Жабырқаңқы және ауру болып емес, бақытты әрі сау қартаюға болады. Біз өзіміздің салмағымызды, физикалық белсенділікті, білім алуды және темекі мен алкогольді бақылай аламыз", - деді Джордж Э. Вайллант.

Бақытты болудың 7 әдісі

А. Жапатова