Бір сандық ақша, ерекше беташар, кеме. Zheka-ның тойы қалай өтті?

Zheka_Fatbelly лақапатымен танымал блогер Жеңіс Омаровтың тойынан видео тарады. Блогерлердің айтуынша, тойында беташардың бұрын-соңды болмаған әдісі қолданылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Жеңіс Омаровтың тойынан видео тарап жатыр. Жұп Молданазардың "Махаббатым" әніне кеменің үстінде шықты. 

Ал беташар ерекше түрде өткен. Жаңа түскен келін сәлем салып жатқанда ақ орамал троспен жоғары көтерілген. 

Ал беташарға әдеттегідей ыдыс емес, сандық қойылған. 

Желі қолданушылары бұл той биылғы ең есте қалатын шара екенін айтып, ерлі-зайыптыға бақыт тіледі. 

"Жарайсың, Жека! Бақытты болыңдар, мұндай той болады деп күтпедім", "Қатты дайындалғаны көрініп тұр ", "Той құтты болсын", "Жека - көз алдымызда көтерілген жігіт! Қуанышыңа ортақпыз", - деп жазған олар. 

Еске салайық, мұның алдында Zheka Fatbelly лақапатымен танылған Жеңіс Омаров сүйіктісіне ұсыныс жасағанын жазған едік. кейін Zheka Fatbelly-дің қалыңдығы кім екені белгілі болды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!