"Жүрегі ең сұлу келінім". Қайрат Нұртастың әкесі ерекше жазба жариялады

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ортаншы келінін туған күнімен құттықтап, ерекше жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол келінін жүрегі ең сұлу келіні деп бағалаған.

"Құлыным сол, туған күнің құтты болсын! Мен үшін дәл осы қалпыңмен жүрегі ең сұлу келінімсің, Алла екі дүниенің бақытын жазсын!" - деп жазды ол.

Желі қолданушылары да бұл отбасына ізгі тілектерін арнаған:

Атасының мұндай баға беруі - ең үлкен бақыт шығар, әрдайым солай болсын!

Көз тимесін, бізге де Әйгерімдей келін бұйырсын Алла, жасандылық жоқ шынайы келін бақытты ғұмыр тілеймін.

Атасынан кушті тілек болыпты, қандай жаксы атасының келінді бағалап. Әумин айтканыңыз келсін.

Осы келіні жаксы тәрбиелі, тіл көзден сақтасын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!