"Көзге еріксіз жас келеді екен". 100 домбырашы футболдан Қазақстан құрамасына қолдау көрсетті

Домбырашылар футболдан Қазақстан құрамасына Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы ойында қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Домбырашылар керемет көріністің видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

"Жеңіс құтты болсын. Ұлттық құрамаға 100 домбырашы 90 минут тоқтаусыз қолдау көрсеттік", - деп жазған домбырашылардың бірі.

@aididau.official Жеңіс құтты болсын @Kazakhstan ?? ♬ оригинальный звук - Aididau❤️‍?

Желі қолданушылары көзсүйсінтер көрініске жылы лебіздерін жазған:

Біреулер домбырамен, біреулер сөзбен қолдау көрсетіп, ел болып жұрт болып, әйтеуір алып шығыпсыңдар ғой;

Еріксіз көзге жас келеді екен;

Домбыра сөйлеп тұр ғой;

Жарайсыңдар!

Еске салайық, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы "Астана Аренада" Солтүстік Ирландия құрамасын ұтты. Ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті

Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған голды 27-минутта Максим Самородов соқты. Оның айып алаңы сыртынан жерлете тепкен добы қонақтар қақпасының торында тулады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен кәсіби бокс жұлдызы Геннадий Головкин Қазақстан құрамасының матчіне тамашалады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, қоқыс жинап шыққан елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!