Қонақ күткен Ерке Есмахан жұртты тәнті етті

Оралға барып, қонақ күткен Ерке Есмахан жұртты сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші отбасылық суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Ерке келін. Бүгін үйде қонақ күтіп у шу болып жатырмыз. Үйде қонақ. Далада бала шаға", - деп жазды Ерке Есмахан.

Сонымен қатар, өнер иесі өзіне тілеулес болғандарға алғыс білдірді.

"Жанұямыздың атынан әрқайсыңызға тек бақыт тілейміз", - деді ол.

Еске салайық, Желіде бұған дейін Raim мен Еркенің арақатынасы туралы ақпарат тараған болатын. Олар 2019 жылы да кездескен. Сондай-ақ, өнерлі жұп биыл неке қиды. Сырға салу рәсімі де өтті. Сондай-ақ, кейінірек заңды некелерін қарапайым түрде қиғанын жариялады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!