"Ұят қой, қойсаңызшы". Танымал актриса тыр жалаңаш еркекті тізесіне отырғызып суретке түскен

Танымал актриса Айнұр Ниязова тыр жалаңаш ер адамды тізесіне отырғызып суретке түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл суретті instagram әлеуметтік желіге жүктеп оқырмандарын таңқалдырды. Ол ерекше фотосессия ұйымдастырып, тыр жалаңаш еркекті аяғына отырғызып, құшақтап отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары өнерпаздың бұл суретін қолдап, түрлі пікір қалдырған.

"Неткен керемет көрініс", "Астарлық мәні бар сурет екені көрініп тұр", "Бұл шедевр", "Сонда бұл жігіттің кім болғаны", "Ұят қой, қойсаңызшы", - деп жазды олар.

Айта кетейік, актриса Айнұр Ниязова 1985 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Мектеп табалдырығын аяқтаған соң театр факультетіне оқуға түсіп Джульетта рөлін сомдаған. Халыққа әртүрлі жанрдағы кино кейіпкері ретінде танылған. 

Кинодағы рөлдері: 2013 - Спасатель | Құтқарушы (сериал, реж. Т. Карсакбаев) - Камилла
2013 - Приключение (реж. Н. Туребаев) - Мариям
2012 - 25-й километр (сериал, реж.: Э. Гильман, И. Пискунов) - Лана
2011-2012 - Жаным-2 (сериал, реж.: А. Даирбеков, Б. Сейтказиев, А. Альпеисова) - Меруерт Баирова
2004 - Зажигай (реж. Д. Бейсенов) - Айя

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!