"Әрең демалып, аузынан сілекей ағып тұр". Актер Рамазан Амантай ешкім білмейтін құпиясын айтты

Әнші, актер, ақын Рамазан Амантай ешкімге айтпаған құпиясын бөлісті. Бұл туралы өнер иесі Yerkin Format бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рамазан Амантай "Ұйқым келмейді" әнінің сөзін жазғанда керағар пікірлерге шыдамағанын тіпті мал сойып, садақа бергенін жеткізді. 

"Әкемнің қызығушылықтары жиі өзгеріп тұрады. "Ұйқым келмейді" әнін шығарған кезде әкем бес қой алып келді."Қойларға қараңдар"- деп бізді үйге тастап анам екеуі демалысқа кетті. "Ұйқым келмейді" сол кезде шықты. Бірінші күні аса қатты өлеңге хейт болған жоқ бәріміз соны қарап, халықтың жазғанын оқып отырдық. Бірақ келесі күні қаншама қоңыраулар келген. Әнші ағаларым барлығы хабарласқан, интернет шулап жатыр. Сол кезде әкем хабарласып "Балам бәрі жақсы, қойлар не боп жатыр" деп сұрады. Інім шөбін салып жатыр мен бір тексеріп шығайын деп бардым. Сөйтсем бес қой көлеңкеде тізіліп тұр. Соның біреуі әрең демалып тұр, аузынан сілекей ағып ана қой түстен кейін өліп қалған. 4 қой қалды. Ертесі төрт қойым солай тізіліп тұр қарасам тағы екі қойым өліп қалыпты. Арғы күні тағы екеуі өліп қалды. Барлығы кетті білмеймін неден кеткенін. Шөбін, суын беріп жатырмыз бірақ қырылып қалды. Сол кезде "Ұйқым келмейді" әніне хейт қатты кетті. Мені жамандап мен қарғап, сілеп соңында әкеме:"Папа мына қарғыстың бәрі малға тиіп жатқан сияқты" дедім. Бір кезде әкем енді ескінің адамы ғой оның да дұрыс шығар деп. Сонымен сол өлеңге келген жаман, керағар пікір барлығын сол малмен жіберіп, үйде мал сойып садақ бердік", - дейді Рамазан Амантай.

Айта кетейік, бұған дейін ақын, актер Рамазан Амантай "Ұйқым келмейді" әнінің сөзін жазып, хейтерлерге қалғанын айтқан болатын. Сол әннен кейін өнерпазбен Massaget.kz тілшісі эксклюзив сұхбаттасты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!