Әнші Әбдіжаппар Әлқожа жарына су жаңа көлік сыйлады

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа жарына су жаңа көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында айтып, хабарлады.

"Махаббатымның бәйбішесі туған күнің құтты болсын. Үйленгенімізге 9-жыл болса! 9-жыл сені бір де бір жыл дұрыс құттықтап қасыңда болмаппын. Осы жылы,осы жолы барымша қуантуға тырыстым. Сен менің жан дүниеме керексің Оригиналым. 4-сағатта ұйымдастырған осы кеште әрқашан қолдайтын алтын достарыма алғысым шексіз", - деп жазды әнші Әбдіжаппар Әлқожа. 

Желі қолданушыларды келіншегіне су жаңа автокөлік сыйлаған Әбдіжаппарды мақтап, үлгі тұтты.

"Елге де, бізге де, әр еркекке үлгі боларлық іс", "Әйелін көк ала қойдай сабайтын еркек емес, көлік сыйлап қуантатын жігіттер өте бай болсын", "Түздегі мен үйдегіні үнемі үйлестіре білген үлкен істің үлгісі болып жүре бер", "Құтты болсын! Игілігіне мінсін! Бақытты болыңдар", "4 ұлды өмірге алып келген жан жарыңа қандай сыйлық берсеңде жарасады", "Алланың берген аманатын қуантқаның үшiн Алла сенi де қуантсын", - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін өнерпаз адам қағып кете жаздағаны туралы жазған болатынбыз. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!