"Қоғамның сорысыңдар". Ажырасқан әйелдер туралы айтқан журналист сынға қалды

Әлеуметтік желіде журналист Меруерт Әйтенованың ажырасқан әйелдер туралы пікірі қызу талқыға түсіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол ажырасқан әйелдерді қоғамның сорына теңеген.

"Бақытсыз әйелсің сен, бақытсыз анасың. Бақыт көрмеген әйелсің. Отырсың, міне, әлемге жылап. Төрт баланы тапқызып, тәтті төсектің дәмін сездірген еркек неге сонымен жабысып өмір сүрмейсің? Егер бәріміз де жеңіл өмірді қалап, күйеуімізге көнбей, миымыз ағып кете беретін болсақ... Сендер мынау ажыраған әйелдер - қоғамның сорысыңдар. Жек көреміз. Мысалы, жеке өзім ажырасқан әйелдерді жек көремін. Отырғым келмейді қасында. Мен сияқты миллиондаған әйелдер бар. Отбасын ұстап, қандай болса да көніп отырған әйелдер бар. Солар ажырасқан әйелдермен бір дастарханда отырғысы келмейді", - дейді ол.

@kaliyasmilana ну, что скажете? Это еще в эфире ТВ #рекомендации #семья #брак #разведеннаяженщина #брак #развод #рек #новости ♬ оригинальный звук - НОВОСТИ ТУТ‼️

Оның бұл видеосы желі қолданушылары арасында сынға қалған.

"Осындай адамдарды неге шығарады эфирге? Не болып кеткен адамдар?", "Не деп тұр?", "Мән бермеңіздер, бұл оның ғана пікірі", "Бұл кім сонша?", "Қай үңгірден шықты, қайта кетсін", - деп жазған олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!