Әлем бойынша қандай есімдер танымал?

Әлем бойынша қандай есімдер танымал?
Фото: pixabay.com

Қазір кей ата-аналар баласына есім таңдаған кезде оның интернационалдық болғанын қалайды. Яғни, баланың есімі тек туған елінде ғана емес, шетелде де танымал немесе түсінікті болуыны мән береді. NetVoucherCodes.co.uk порталының талдаушылары әлем бойынша қандай есімдер жиі кездесетінін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлем бойынша адамдар балаларына Ной және Ава есімдерін жиі қояды екен.

Ной есімі ежелгі еврей тілінен аударғанда "жұбататын", "тыныштандыратын", "бейбіт" дегенді білдіреді. Ал исламда Ной пайғамбарлардың бірі болып саналады және ол Нұх деген атпен белгілі. Ава "өмір", "тірі", "өмірлік күш" деген мағынаны білдіреді.

АҚШ

Америкада ұлдарға арналған танымал есімдер - Лиам, Уильям және Оливер. Ал қыздар есімдері - Оливия, Шарлотта, София және Эмма. Алайда Ной мен Ава танымал топ-5 есімдер қатарына кіреді.

Австралия

АҚШ-тағы секілді Австралияда да Ной мен Ава ең танымал бестік қатарына кіреді. Алайда бірінші орында Амелия және Лукас тұр.

Германия

Германияда Ной мен Ава есімі бірінші орында тұр. Бұл елде сондай-ақ  Миа, Эмилия, Ханна, Эмма және София жиі кездеседі. Ал ұлдар арасында Бен, Маттео, Финн және Леон танымал.

Нидерланды

Ной - Нидерландыдағы ең сүйікті есім. Ал Ава бұл елде алғашқы бестікке кірмеді. Оның орнына ата-аналар қыздарын Эмма, Джулия, Мила, Тесс және София деп атағанды жөн көреді. Ұлдар арасында Лиам, Лукас, Сэм және Даан жиі кездеседі.

Норвегия

Ной есімі Норвегияда да жиі кездеседі. Бірақ бұл жақта ұлдарға арналған танымал есім - Эмиль. Ал қыздарға келетін болсақ, бірінші орында Нора, содан соң Эмма, Элла, Оливия және Эмилия тұр.

Швеция

Швецияда ата-аналар ұлдарын - Уильям, а қыздарын - Элис деп атайды. Алайда Ной есімі алғашқы бестікке кіреді. Ал қыздар арасында Эльза, Астрид, Альма және Сельма жиі кездеседі.

Ирландия

Джек және Грейс - Ирландиядағы танымал есімдер. Алайда Ава мен Ной алғашқы бестік қатарына кіреді.  

Шотландия

Бұл жылы Шотландиядағы кең тараған балалар есімі – Джек және Исла. Сондай-ақ ұлдар арасында Ной, Джеймс, Лео және Оливер, ал қыздар арасында Ава, Оливия, Эмилия және Фрея жиі кездеседі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, Қазақстанда Әлихан есімі бірнеше ай қатарынан жаңа туған ұлдар арасында ең танымал есім болып келеді. Ал қыздарға көбіне Медина мен Асылым деген есім беріледі. Алайда, мамандардың айтуынша, қазір балаларының есімін түрлі фильмдер мен телешоулардағы сүйікті кейіпкерлерінің құрметіне қоятындар көбейген. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

А. Жапатова