"Мен бақыттымын!" Толқын Забирова 26 жыл отасқан күйеуі туралы әсерлі жазба жариялады

"Мен бақыттымын!" Толқын Забирова 26 жыл отасқан күйеуі туралы әсерлі жазба жариялады
Фото: instagram.com/tolkynzabirova/

Танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова алғаш рет 26 жыл отасқан күйеуі туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі

Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Жолдасымның атына келіп жатқан құттықтауларыңызға мың рақмет! Біреуі білсе, біреуі білмейтін шығар. Алла өмірлік жарыммен қосқанына 26 жыл болды! Үш ұлымыз дүниеге келді! Бізді қосқан өнер жолы! Махаббат пен өнер ұлт таңдамайды, жүрек таңдайды! Иә, ұлты қазақ болмағанымен, қазақ жерінде өмірге келді. Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз! Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздың көбі жолдасымның қолдауымен танымал болды. Адамгершілігі, жан пәктігі, кең жүрегі болмаса қасынан мен табылар ма едім?! Одан да, әр ару өз теңін тауып, бақытты болсын деп тілейік!" - деп жазған ол. 

Сондай-ақ, әнші өзге ұлт өкілімен бас қосқаны үшін сынайтындарға жауап берді. 

"Таңдай соғып отырғандарға айтарым: мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыз, мен - бақытты әйелмін! Адамды ұлт арқылы емес, ісімен бағалау абзал", - деп жазған ол.

Айта кетейік, әнші Толқын Забированың күйеуі - Сафар Ядуллаевич Бабаев. Олардың Шахрияр, Дияр, Санжар есімді ұлдары бар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек