Батаға қол жайған орыс қызы желі қолданушыларын сүйсінтті

Батаға қол жайған орыс қызы желі қолданушыларын сүйсінтті
Фото: Видеодан алынған кадр

Тойда батаға қол жайған орыс қызы желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрда даяшы орыс қыздың той ортасында бата беріліп жатқанда, алақанын жайып, бетін сипағанын көруге болады. 

"Батаға қол жайған орыс қызы елді сүйсінтті. Даяшы орыс қыздың той кезінде батаға қол жайғаны желі қолданушыларын тәнті етті", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы | ЖАҢАЛЫҚТАР (@alash_news)

Желі қолданушылары оның орыс ұлтының өкілі болмауы мүмкін екенін алға тартып, видеоның астына түрлі пікір қалдырған.

"Неменеге таң қаласындар. Әкесі немесе шешесі мұсылман шығар", "Кім болса да, жарайсың", "Қазақтың қызы шығар мамасы орыс", - деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы