Хакерлер ұялы телефоныңызды бұзып алмауы үшін не істеу керек? 

Хакерлер ұялы телефоныңызды бұзып алмауы үшін не істеу керек? 
Фото: elements.envato.com

Қазір ұялы телефондара суреттерден бастап банктегі деректерге дейінгі көптеген жеке ақпарат бар. Сондықтан телефонның киберқауіпсіздігіне мұқият болған дұрыс. Бұл орайда сарапшылар бірқатар кеңес береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

IPhone пайдаланушыларына

  • Wi-Fi-ға қосылу

Сарапшылар IOS бағдарламасы бар мобильді құрылғыларды пайдаланушыларға жалпыға ортақ Wi-Fi желілеріне қосыларда сақ болуға кеңес береді. Көбіне алаяқтар танымал кафелердегі жалған Wi-Fi нүктелерін пайдаланады. Сол арқылы деректеріңізді ұрлауы мүмкін. Сарапшылар Wi-Fi желілеріне қосыларда мұқият болуға кеңес береді. Телефонда бұрын қосылған желілерді өшіріп, жаңадан қосылар алдында растауды сұрайтындай етіп баптаған жөн.

  • Apple ID-ді қорғау

Сарапшылар IOS құрылғыларында негізгі қорғаныс құралдарының бірі Apple ID екенін айтады. Бөтен адам рұқсатсыз кірмеуі үшін оған қосымша құпия сөз орнатқан жөн. Сонымен қатар, қосымша қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін екі факторлы аутентификацияны қосу да маңызды.

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Android пайдаланушыларына

Android бағдарламасы орнатылған смартфондарда қызық қорғаныс механизмі бар, ол - екінші жұмыс кеңістігі. Бұл пайдаланушыларға суреттер сияқты құпия деректерді сақтауға болатын жеке жұмыс үстелін құруға мүмкіндік береді. Бұл кеңістіктің бар екенін құрылғы иесі ғана білуі маңызды.

© elements.envato.com

  • Арнайы орында сақтау және графикалық құпия сөзбен қорғау

Сарапшылар пайдаланушыларға арнайы орын құруға және маңызды деректерді сақтау үшін оны графикалық парольмен қорғауға кеңес береді. Сарапшылардың пікірінше, Android қолданбаларды кез келген жерден жүктеуге мүмкіндік береді. Ал бұл операциялық жүйені iOS жүйесімен салыстырғанда осал етеді.

  • Деректерді автоматты түрде толтыру

Деректерді автоматты түрде толтыру мүмкіндігі Android жүйесінде құрылғыны бұзып алу қаупін арттыруы мүмкін екен. Сондықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін параметрлерден бұл мүмкіндікті өшіру керек.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова