"Түскі асымыз 154 мың теңге болды". Жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали эксклюзив сұхбат берді

Жұлдызды жұп Айқын мен Жұлдыз Жұлдыз Фм студиясына келіп Massaget.kz тілшісі қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді. 

Өнер адамдары бірге тойларға шығып жүргенін, ақшаны екі жақтан тапса да, тұрғызып жатқан үйін әлі аяқтамағанын жеткізді.

Үйімді әлі салып жатырмын

© әлеуметтік желі

 Мен осыдан 1,5 жыл бұрын үйді көтеріп бастадым. Бірақ әлі салып жатырмын. Қазір шүкір тек үйдің ішкі жабдықтары ғана қалып отыр. Бірақ үй салу оңай емес екен. 1,5 жыл болса да әлі бітпедік. Дегенмен өзім үшін жақсы процесс болып жатыр, - дейді әнші Айқын Төлепберген.

Творчество тоқтамады

© instagram.com/zhuldyzomirgali_official

Кавер шоуда орындаған әнім бүгін жарыққа шығады. Дуэт жазып жатырмыз, Маямиде түсірілген. Мен өзім көп ән жаза бермеймін. Көңілімнен шыққан әндерді ғана жазамын. Ол әнді жазып алып, үйде жүріп айқайлап бірнеше рет орындап жүремін. Ал Жұлдыз әнші емес, мықты актриса. Оның актерлік шеберлігіне бес деген баға қояр едім. Бірақ дуэт жаздық. Егер тойға Айқынды шақырып, үстіне тағы ақша қосса Жұлдыз да келеді. Қызды ұзатып, өз өнерін көрсетеді, - дейді әнші.

Алакөлге концертпен бардық. Жол жақсы бірақ ұзақ екен. Бірақ тамақтарына көңілім толмады. Алматының да, шетелдің де бағаларынан қымбат болды. 18 адам болып барғаннан кейін де аса бір қымбатшылық байқалмады. Бір түскі асымыз 154 мың теңге болды. Оның бәрін Айқын төледі", - дейді Жұлдыз Өмірғали.

Айта кетейік, бұған дейін жұлдызды жұп Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали Алакөлге арнайы барып, жеке ән кешін өткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!