Сіздің пәтеріңіздің нөмірі неден хабар береді?

Сіздің пәтеріңіздің нөмірі неден хабар береді?
Фото: pixabay.com

Біреулер үйдегі жайлылыққа үйдің жиналып тұруы әсер етеді деп ойлайды. Ал кейбіреулер ғимараттың орналасқан жері маңызды рөл атқарады деп санайды. Сондай-ақ үйдегі жағымды немесе жағымсыз энергетика бұрынғы үй иелерінен беріледі деп айтатындар да бар. Ал эзотерика мамандары тіпті басқаша ойлайды. Олардың ойынша, пәтердің нөмірі, яғни оның нумерологиялық мағынасы үй тұрғынының энергетикасымен сәйкес келуі керек.

Егер пәтеріңіздің нөмірі бірнеше саннан тұратын болса, оны былай есептеп алыңыз: мысалы, 176 болса, оны 1, 7, 6 сандары деп алып, оларды бір-біріне қосамыз. 1+7+6=14. Содан соң 1+4=5.

1. Күн планетасы

Мұндай пәтер шығармашыл адамдарға арналған: суретші, ақын, журналист, актер. Үй жарыққа толы болуы керек. Үйдің ішін түрлі шамдармен безендіруге болады. Үйдің ішінде ашық түстер, мысалы қызғылт-сары түс көп болуы керек. Мұндай пәтер мейірімді адамдарға қуаныш сыйлайды.

2. Ай планетасы

Бұл пәтердің энергетикасы балалармен жұмыс істейтін адамдарға, аспаздарға және музыканттарға жақсы келеді. Бұл мамандықтар иелеріне осындай нумерологиялық мағына сәттілік әкеледі. Пәтер өз иесіне көбірек сәттілік әкелу үшін оны дұрыс безендіру маңызды. Негізгі зейінді айналарға қою керек, ал негізгі түс ретінде нәзік кремді реңкті таңдаған дұрыс.

3. Марс планетасы

Бұл пәтерлер жалқауларға арналмаған. Мұнда өмір сүретіндердің ұраны: "Алдымен жаса, содан кейін ғана айт". Мұндай пәтерде белсенді адамдар жақсы сіңіп кетеді. Интерьерде қызыл түс болғаны жөн.

4. Меркурий планетасы

Бұл жерде өтірікшілерге орын жоқ. Мұндай пәтерде тек адал адамдар өмір сүруі керек, әйтпесе, олардың өтірігі өздеріне қайта айналып келеді. Әдетте, мұндай үйлердің тұрғындары қонақжай. Пәтер саяхаттаушыларды немесе сапарға көп шығатын адамдарды тартады. Интерьерде көгілдір, көк, сары және күлгін түстер болуы керек.

5. Юпитер планетасы

Мұндай пәтер саясаткерлер мен ғылыммен байланысты адамдарды тартады. Бұл жерде бір идея арқылы біріккен адамдар тұрады. Әдетте, мұндай пәтерлердің иелері кітап оқығанды жақсы көреді және үйіне кітапханаға жасағысы келеді. Интерьерде қоңыр түс болуы керек.

6. Шолпан планетасы

Бұл жерде жайлылық пен махаббатты бағалайды. Мұндай пәтерде қонақжай адамдар тұрады. Олар үйлерінде адамдар болғанын және әр бұрыштан күлкінің дауысы шыққанын жақсы көреді. Сондай-ақ бұл жерде жануарларды жақсы көретіндер де өзін жақсы сезінеді.

7. Сатурн планетасы

Бұл пәтер өмірі сынаққа және түрлі шектеулерге толы адамдарға келеді. Бір жағынан бұл жерде өз-өзіне анализ жасауға бейім және өз дағдыларын оңай дамытатын адамдар тұрады. Мұндай пәтер иелеріне йогамен және рухани тәжірибелермен айналысу пайдалы.

8. Уран планетасы

Мұндай пәтерде астрологтар мен көріпкелдер жайлы тұрады. Ал реалистерге қиын болуы мүмкін. Мұндай пәтердің иелері әрқашан энергияға толы және барлық нәрсеге позитивті қарайды. Пәтердің дизайны ашық болуы керек: нәзік көгілдір түс жақсы келеді.

9. Нептун планетасы

Тоғыз нөміріндегі пәтер ауыр. Онда барлық адам бірдей тұра алмайды. Мұндай пәтерде теңізшілер, музыканттар және экстрасенстер өздерін жайлырақ сезінуі мүмкін.

Дереккөз: 5-tv.ru

Туған күніңіз қашан? Мамандық таңдайық!

А. Жапатова