Уролог баланы қай жаста сүндеттеу керегін айтты

Уролог-онколог Нұржан Нұрғалиев баланы қай жаста сүндеттеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы маман Dope soz YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Уролог баланы жұп жаста сүндеттеуге болмайтыны сұраққа жауап берді. 

"Ең дұрысы пубертат уақытына дейін (жыныстық жетілгеннен кейін-еск.) сүндеттеген дұрыс. 13 жас - үлкен жас болып кетеді. Көбіне 5 немесе 7 жаста сүндеттеу керек деп үйреніп қалғанбыз. Ал жалпы туғаннан бастап 7 жасқа дейін сүндеттеген дұрыс", - дейді Нұржан Нұрғалиев. 

Уролог-онколог сүндеттеу - денсаулыққа пайдалы екенін атап өтті. 

"Мысалы, АҚШ-та 1996 жылға дейін көп баланы сүндеттеді. Бүгінде статистика бойынша, ер адамдардың 70 пайызы сүндеттелген. Ислам елдерінде 99 пайыз ер адам және кейбір Еуропа елдеріндегі ер адамдардың 20 пайызы сүндеттелген. Африка елдерінде 2000-жылдары зерттеу жүргізілген. Яғни сүндеттелген және сүндеттелмеген ер адамдарда инфекция жұқтыруда айырмашылық болған", - дейді маман. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!