"Адасқан, сақалын өсірген". Рүстем Жүгінісов өзін айыптаған жандарға жауап берді

Әнші Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде өзі туралы тараған керағар пікірге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде ол өзіне "адасқан, сақалын өсіріпті, ол басқа жолды таңдады" - деп жазған оқырмандарына басқа жол емес басқа жұмыс таңдағанын жеткізді.

"Алдында дәл осы сұраққа жауап беремін деп басым бәлеге қалған. Мен сол кезде осы түріммен қалайша ән айтамын, әншілікті қойдым, басқа жолды таңдададым деп жауап бергенмін. Олар менің осы сөзімді бұрмалап, "ол басқа жолды таңдады, ол әншілікті қойды, адасты, сақалын өсіріпті" - деп талқылап кетті. Сонда адам ән айтпай қалса, барлығын өзі үшін түсініп алып, сол нәрсені тастаса, сол адам адасқан бола ма? Сол нәрсе менің миыма сыймады. Мен басқа жұмысты таңдадым деген сияқты айттым ғой. Ол басқа адасқан жолды таңдаған деп сөкті", - дейді Рүстем Жүгінісов.

@miras.mj Ендігі біліп жүріңіздер ???#рустемжугунусов ♬ оригинальный звук - ???????? ????

Желі қолданушылары бұған қатысты түрлі пікір қалдырған.

"Сен адасқан жоқсың, қиял ғажайып әлеміне кіріп кеттің", "Әкесі тірі кезде сақал қоймаған бауырым", "сол бахабис болмасаң болғаны", "Иә, адастың есіңді жи", "Өз таңдауыңыз әрине, бірақ өкінішті", - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін Рүстем Жүгінісов әншілікті не себепті қойғаны туралы жазған болатынбыз. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз