Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay.com

Синоптиктер 19-21 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулік бойы елімізде ауа-райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте бұршақ аралас қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

"Ауа температурасына келетін болсақ, солтүстікте температура күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді, ал елдің қалған бөлігінде өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова