"Мейрамбек сабырлы, Қайрат көкіректеу". Концерт ұйымдастырушысы әншілердің шынайы бет-бейнесін көрсетті

"Мейрамбек сабырлы, Қайрат көкіректеу". Концерт ұйымдастырушысы әншілердің шынайы бет-бейнесін көрсетті
Фото: tiktok.com/@asiyokaa

"Сағындырған әндер-ай" ән кешінің ұйымдастырушысы әртістердің шын бейнесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы кеш ұйымдастырушысы TikTok-парақшасында айтты. 

"Нұрболат мырза (Абдуллин-еск.) өте көңілді әрі харизмасы бар адам екен. Өмірде өзін салмақты ұстайды", - дейді ол. 


Фото: tiktok.com/@asiyokaa

Сонымен қатар, кеш ұйымдастырушысы Қайрат Нұртас туралы да айтқан. 

"Қайрат мырзаға мейк әсер етпейтін болыпты. Өмірде көріп таңғалдық, көкіректеу екен", - дейді видео авторы. 


Фото: tiktok.com/@asiyokaa

Видео авторы тағы бірнеше әртіс туралы айтты. 

"Төреғали мырза өте қарапайым, келбетті екен. "Қарындасым" деп сыйлап, жақсы қарым-қатынаста болды. Сәкен мырза өте алтын кісі, өмірі жайдары жүреді. Біздің қызметке риза болып, мақтап жүреді. Мейрамбек мырза өте сабырлы кісі", - дейді ол.

Фото: tiktok.com/@asiyokaa

"Жігер мырза жылтың-жылтың етіп. Не болса да бойды берген екен. Өзімді ергежейлі сезініп қалдым", - дейді видео авторы. 


Фото: tiktok.com/@asiyokaa

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина