Жылап отыр: Әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов жайлы естелік видеосын бөлісті

Жылап отыр: Әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов жайлы естелік видеосын бөлісті
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің естелік видеосын бөлісті. Қоғам қайраткері қызы Мерейдің шілдеханасында ән айтып, қонақтарға тосынсый жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстаның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өзінің instagram парақшасына марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов жайлы естелік видеосын жариялады. Кадрдан той дастарқанында отырған Мақпал Жүнісованың көзіне жас алғанын және қонақтар арасында ән айтып жүрген Заманбек Нұрқаділовті көруге болады.

"Мерейдің шілдеханасынан естелік. Зәкең ән айтып, тосынсый жасап, қонақтарды да, мені де таңғалдырып еді", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Желі қолданушылары Заманбек Нұрқаділовті еске алып, пікір білдірді.

"Қазақтың маңдайына сыймай кеткен асыл азамат еді", "Заманбек Нұрқаділовті еске алып, жылап отырмын", "Әруағы бір аунап түскен шығар", "Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", "Мерейдің баласын бесікке салып, тербетуді тілеймін, Мақпал ханым", "Сізді қатты сүйген екен", "Ағамыз аз ғұмырында шын махаббатын тапқан екен", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін генерал Шабдарбаев Заманбек Нұрқаділов туралы естеліктерімен бөліскен оқиғасы туралы жазған болатынбыз. Оны сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы